Монография. — Астана: Фолиант, 2014. — 304 б. — ISBN 978-601-292-821-1.
Зерттеу еңбекте түркі халықтары арасында кең тараған «Шора батыр» эпосының ұлттық нұсқалары, олардың таралу аймағы мен вариациялану, тасымалдану жайы, уақыт аясындағы жанрлық және көркемдік түр-сипатқа ие болуы мен тұтастану үдерісі, эпикалық дәстүрге қатысы, жырлаушылары, олардың қосқан шығармашылық үлесі, ұлттық нұсқалардың стадиялық кескінкелбеті, образдар жүйесі мен олардың тарихи түптұлғаларымен байланысы, тарихи шындық пен эпикалық шындықтың арақатынасы, сондай-ақ шығарманың зерттелу жайы, ондағы даулы мәселелердің туу себебі мен дұрыс шешім
табу жолдары туралы ғылыми талдаулар жасалынады.
Еңбек фольклортанушыларға, түркітанушы мамандарға және жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің оқытушылары мен магистранттарына, студенттеріне, сондай-ақ халық шығармашылығына қызығушылығы бар көпшілік оқырмандарға арналады.