Оқу құралы. — Астана: Тіл саясаты комитеті; Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" орталығы, 2024. — 195 бет.: суретті. — ISBN 9786017504809.
Жинаққа қазақ халқының дара дүниетанымына, тұрмыс-тіршілігіне, өмір салтына сәйкес қалыптасқан рухани байлығы – өнегелік салт-дәстүрлері іріктеліп енгізілді. Жинаққа енгізілген мәтіндер орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар, неміс, беларусь және армян тілдеріне аударылған. Жинақ этнос өкілдеріне қазақ халқының бірегей рухани құндылықтарымен өз ана тілдерінде танысуына мүмкіндік береді. Мәтін соңында берілген тақырыптық сөздер, қысқаша сөздіктер мен тапсырмалар тіл үйренушінің мәтінді толық түсінуіне және сөздік қорын молайтуға ықпал етеді.