Монография. — Павлодар: Brand print, 2010. — 2-ші басылым. — 516 б. — ISBN 9965-842-13-2.
Бұл монографияда Монголия мен Қытайдагы Күлтегін, Білге қаған, Орда-балық, Ашына Чжун, Янчжоу мәңгітастары мен Цяньлин, Чжаолин император қабір кешендеріндегі тас мүсіндерден құрам тапқан көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбаларын бір жерге топтастырып, хронологиялық түрғыдан жүйелеп, ғылыми сараптама жасап, оларды Отан тарихының дерек көзі ретінде ұсынады. Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары мен көне руникалық жазбалардың, сондай-ақ, дәстүрлі қытай деректерінің ара-жігін, ерекшеліктерін, бір-бірімен байланысын, деректік құндылығын ашып көрсетеді. Әрбір жазбаның пайда болу негіздері, жазба жарыққа шыққан кездегі Түркі қағанаты мен Қытайдағы тарихи оқиғалар, Орталық Азиядағы көне мемлекеттер мен Қытайдың Таң әулеті арасындағы геосаяси жағдай жан-жақты талданған.Талдап алынған жазбаларға байланысты алғашқы Түркі қағанаты, Екінші Түркі қағанаты, Біріккен Түркі қағанаты және одан кейінгі кезеңдердегі түркі тайпалры мен Қытайдың Суй, Таң және кейінгі Юань әулеті арасындағы саяси, экономикалық және мәдени, рухани қарым-қатынастардың ауқымы мен сипаты, ерекшелігі кешенді түрде зерттелген. Түркі қағанатының қазақ мемлекеттігі тарихының бастау көздерінің бірі екендігі, соған байланысты, Қытаймен арада ержелден қалыптасқан сыртқы қарым-қатынас дәстүрінің тым тереңде жатқаны, әрі бұл қатынастардың қыр-сыры ғылыми жосында дәлелденген. Монграфия 2008 жылы Өскемен, «Рекламный Дайджест» баспасында басылған нұсқасына сай ішінара реттеліп, түзетіліп қайта басылды.