Оқу әдістемелік құралы. ― Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2007. ― 160 б.
Қазіргі заман сұранысы дүниеге мәдениетаралық коммуникация сияқты қоғамдық феномен әкелді. Мәдени құндылықтырдың тең құқықтығы, кез келген мәдениеттің бірегейлігі басқа мәдениеттің нормаларына, құндылықтары мен мінез-құлық типтерін құрметтеуді талап етеді. Осының бәрі әр халықтың мәдениетіне оң көзқарасты қажет етіп, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге құлшынысты қалыптастырады. Құрастырушылар оқу- әдістемелік құралдың мәдениетаралық біліктілікті қалыптастыру проблемасы қызықтыратын баршаға пайдалы болатынына үміттеніп, мәдениетаралық коммуникацияда табыс тілейді.