Оқу құралы. — Алматы: ҚазҰТУ, 2014. — 224 б. — ISBN: 978-601-228-614-4.
Оқу құралында метрология саласына арналған ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруда, өлшем бірыңғайлығын және өлшем дәлдігін талап ететін әдістер мен құралдар жетістіктері көрсетілген. Оқу құралында кесте, сұлба және тапсырмалар ретінде көптеген мысалдар мен анықтамалық мәліметтер берілген.
Оқу құралы «Метрология, стандарттау және сертификаттау» бағыты бойынша және «Метрология және метрологиялық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарымен колледж студенттеріне арналған. Сонымен қатар, магистранттар мен өндіріс мамандарына да қызығушылық туғыза алады.